Таразда сауда орындары отқа оранды
Таразда күн күрт ысығалы өрт көбейді. Бұл жолы «Жібек жолы» базарындағы қойманың бірі отқа оранды. Қызыл жалыннан құрылыс материалдарының түгі қалмай жанып кетті. Тілсіз жау жарты сағатта 325 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндірушілер қойма қасындағы газ құю бекетінің жарылуына жол бермеді. Бетқаратпас жалынды ауыздықтауға 14 техника мен 40 қызметкер жұмылды.
Бұдан бөлек, қалада азық-түлік дүкені мен асхана ғимаратынан өрт шықты. Оқыс оқиға кезінде адамдар сыртқа шығып үлгерген. Әзірге тілсіз жаудың неден тұтанғаны белгісіз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00