Атырауда спорт нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды
Атырауда сенімгерлік басқаруда болған 3 спорттық нысан мемлекет меншігіне қайтарылды. Олардың ішінде соңғы уақытта басы дауға қалып жүрген «Атырау» футбол командасы да бар. Сонымен қатар орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мұз айдыны енді облыстық Спорт және туризм басқармасының бақылауында болады. Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде тағы 2 нысанды мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Қабылданған шара өңір спортын дамытып, саладағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне мүмкіндік береді, дейді жауаптылар.
Нұрбол Сыдықов, облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Мемлекетке қайтарылғаннан кейін жұмыстарын жүйелендіріп және материалдық-техникалық базасын нығайту және қолжетімділігін арттыру және ол нысандар күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан да бүгінгі таңда ол жұмыстар басталып кетті. Мына орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамаға кіргелі жатыр. Және мына футбол клубының стадионының жабындысы ауыстыруына қазіргі таңда мердігер анықталуда.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03