Атырауда 7-сынып оқушысын қатарластары аяусыз ұрған
Атырауда 7-сынып оқушысын қатарластары аяусыз соққыға жыққан. Оқиға Индер ауданы Индербор кентіндегі мектепте болған. Балалар 4-сабақтан кейінгі үзіліс кезінде ойнап жүріп, бір-бірімен сөзге келісе алмай қалған. Сөйтіп төбелес басталып, 14 жастағы оқушы жасөсіпірімді орындықпен ұрған. Салдарынан баланың миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алды. Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Дулат Хамзин, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы:
Мектептегі сынып жетекшісі жұмыстан босатылды. Сонымен қоса мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және сол күнгі кезекшілікті атқарған мұғалімге қатысты және директорға қатысты Индер аудандық білім бөлімі шара қолданып, ескерту сөгіс түрінде берілді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06