Шахтадағы апат: 2 кеншінің жағдайы ауыр
Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында төтенше жағдай болып, 3 адам зардап шекті. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал баяндайды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл оқиға кеше, түнгі сағат 22:30 шамасында болған. Электр слесарлары жабдықтардың бірін монтаждап жатқан сәтте ауа құрамындағы жанғыш қоспалар тұтанып, жалын лап еткен. Салдарынан үш маман зардап шекті. Беттері мен білек тұстарын күйік шалған. Оларды шахта қызметкерлері өз күштерімен сыртқа шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Ерлан Сұлтангереев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Екі науқас реанимация бөліміне жатқызылып, ауыр жағдайда ем қабылдап жатыр. Бір науқас травмотология бөлімшесіне жатқызылып, жағдайы орташа ауырлықта. Науқастар толығымен ем қабылдап жатыр, дәрі-дәрмек, құрал-жабдық, аппараттармен толық қамтамасыз етілді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Кәсіпорын басшылығы зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады. Бұл ашылғанына жарты жыл да болмаған шахтадағы екінші төтенше жағдай. Осы жылдың ақпан айында да жарылыс болып, төрт қызметкер зардап шекті. Олардың бірі кейін ауруханада қайтыс болған еді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01