Мемлекеттік кеңесші ҚКП Орталық комитетінің өкілімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай коммунистік партиясының орталық комитеті үгіт-насихат бөлімі орынбасары Ху Хэпинмен кездесті. Жүздесу барысында қос елдің мәдениет, ғылым және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды. Ерлан Қарин екі жақтың сарапшылары мен медиа өкілдері арасында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударды. Ху Хэпин Қазақстанның қонақжайлығын атап өтіп, Қытай мен Орталық Азия елдерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалады. Тараптар гуманитарлық байланыстарды нығайту арқылы өзара түсіністік пен достықты арттыруға сенім білдірді.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03