Баянауыл табиғи паркінде қарақұртқа қарсы жұмыс басталды
Баянауыл ұлттық табиғи паркінде қарақұрт жұмыртқаларын жою жұмыстары басталды. Бұл зиянкестердің өңірде пайда болғанына биыл екінші жыл. Алғаш рет 2023 жылы Торайғыр көлі маңында табылған. Содан бері әбігерге салып келеді. Мәселен, ерекше қорғалатын аумақ болғандықтан, улы жәндіктерді жаппай жоюға химиялық препараттар қолдануға тыйым салынған. Сондықтан қауызын шағып үлгермей, жұмыртқаларды жинап алуға мамандар жұмылдырылды.
Аждар Жүсіпов, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры:
Қазірдің өзінде аналығы табылып жатыр. Өте жас. Бірақ жұмыртқаларын қорғаштауға жетіліп қалған. Химия қолдана алмаймыз. Биологиялық жолмен, яғни абайлап қолмен бір-бірлеп теріп алып, өртеп жібереміз. Әзірге Торайғыр көлі аумағында ғана кездесті. Бұл жерге туристер аса көп келе бермейді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03