Өзбекстанда шегіртке қаптап кетті
Өзбекстанда шегіртке шабуылы толастамай тұр. Диқандарды алаңдатқан зиянкес жәндік бүгінде елдің барлық аумағына дерлік жайылған. Әсіресе «Сексеуіл бүкір» шегірткесі жасыл желекті жайпап барады. Дәрілеу жұмыстары жүргізілсе де, бой берер емес.
Қазақстанмен шектесетін облыстарда да алқаптарға ауыз салған. Бүгінге дейін 680 мың гектардай аумақта зерттеу жүргізіліп, 390 мың гектар жер арнайы өңдеуден өтті. Мыңнан астам бүркігіш техника алқаптарда дәрі шашып жүр. Биыл көрші ел зиянкеспен күресу шараларына дрондарды да пайдалануға көшкен. Жергілікті тұрғындар шегірткенің шабуылы тоқтамаса, шығынға ұшыраймыз ба деп алаңдаулы. Өсімдік қорғау мамандары жағдай бақылауда дейді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12