Астана халықаралық форумы аяқталды
Кеше басталған Астана халықаралық форумы аяқталды. Бүгін 5 түрлі тақырыптағы панельдік сессиялар өтті. Мемлекет және бизнес өкілдері, сарапшылар жаһандық сауданың болашағы, Орталық Азияның даму перспективалары және экономикалық тұрақтылық мәселелерін талқылады. Бұл форум түрлі елдерден келген өкілдерді бір алаңда тоғыстырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң, деді мәртебелі меймандар.
Фабио Пинтом, «Seingim» компаниясының басшысы:
Біздің компания Қазақстанға бірнеше жыл бұрын келді. Бұл осы аймақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі. Біз көптеген мамандармен жұмыс істеп, әлемдік деңгейде кең ауқымды байланыс орнатып жатырмыз. Инженерлік компания ретінде бізді, әрине климаттың өзгеру мәселесі, сондай-ақ көміртек шығарындыларын азайту нарығына ауысу мүмкіндіктері ерекше қызықтырады.
Мари-Элен Берар, «MHB SAS» компаниясының негізін қалаушы:
Әртүрлі елдерден жиналған адамдарды бір ортаға ұйыстыра білу де қабілет. Барлығы ашық көзқарасты, пікір алмасуға дайын жандар. Бұл жер – жаңа адамдармен танысып, пікір бөлісіп, түрлі саланың мамандарымен жүздесетін алаң. Мұндай жиын – нағыз жетістік.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04