Астанада «Орталық Азия – Италия» алғашқы саммиті басталды
Бүгін Астанада алғаш рет «Орталық Азия – Италия» бірінші саммиті өтіп жатыр. Жиынға қатысу үшін Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға алғаш рет келді. Сондай-ақ Орталық Азияның мемлекет басшылары мен делегация мүшелері қатысып жатыр. Дәл қазір жиыннан әріптесім Раушан Сайлауқызы тікелей байланысқа шығады? Раушан тараптар қандай салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті?
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Соңғы жылдары әлем алпауыттарының Орталық Азияға деген қызығушылығы артып келеді. Мәселен, оған Орталық Азия плюс форматында АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Жапония және Еуропалық Одақ елдерімен өткен оншақты саммит дәлел. Енді міне, Еуропадағы ірі мемлекеттердің бірі – Италиямен де байланыс беки түспек. Италия – Қазақстанның Қытай мен Ресейден кейінгі үшінші сауда серіктесі. Бүгінгі саммитте энергетика, технология, шикізат секілді бағыттарға ерекше екпін беріліп отыр. Мәселен, Италия шикізатқа мұқтаж. Әсіресе мұнай өнімдеріне. Былтыр өзара тауар көлемі 20 млрд-қа жеткен. Соның 18 млрд-ы Қазақстанның экспортына тиесілі. 98 пайызы мұнай. Ал Орта Азияға Италияның технологиясы қажет. Шикізатты терең өңдеп, өнім түрінде экспорттау мақсаты тұр. Оның үстіне Қазақстан үшін Италия ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді. Қазір елімізде италиялық 300-ге жуық компания жұмыс істеп жатыр. Италия Премьер-министрі «Орталық Азия – Еуропа мен Азия арасындағы байланыс бекеті» деді. Демек, тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтып, экономиканы ілгерілетумен қатар, Орта дәліздің де мүмкіндіктерін қарастырмақ.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16