Бүгін Стамбұлда Ресей мен Украина делегациялары кездеседі
Бүгін Стамбұл қаласында Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші кезеңі өтеді. Астана уақытымен түстен кейін сағат үште басталатын кездесуге Ресей делегациясын президент Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина тарапын елдің Қорғаныс министрі Рүстем Умеров бастап келеді. Осыдан үш аптадай бұрын өткен алғашқы келіссөздер нәтижесінде соғысушы тараптар «мыңға мың» принципі бойынша тұтқын алмасқан болатын.
Ал жауласушы тараптардың бүгінгі күн тәртібіндегі нақты талқылайтын мәселелері әзірге белгісіз. Дегенмен сарапшылар келіссөздердің екінші раунды нәтижелі болып, атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілуі мүмкін деген болжам жасап отыр.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12