Ресей мен Украина соғысты тоқтату туралы ортақ шешімге келе алмады
Стамбұлда өткен Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздер аяқталды. Тараптар тұтқын алмасу жөнінде келісімге келді. Ал делегациялар бейбіт келісімге қол қою немесе атысты уақытша тоқтату бойынша нақты келісімге келе алмады. Стамбұлдағы соңғы келісімдер туралы Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлын эфирге қосамыз.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Стамбұлдағы Чыраған тарихи сарайында өткен Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер шамамен бір сағат бұрын аяқталды. Алайда екі тараптан да әзірге ресми бір мәлімдеме жасалмады. Бізге белгілі болғандай, тараптар тұтқын алмасу жөнінде келісімге келген. Алайда тұтқындардың саны әлі нақтыланбады. Сондай-ақ соғысты аяқтау, тіпті атысты уақытша тоқтату туралы да нақты келісім жасалмады. Екі ел де өзара қоятын талаптарын бір-біріне жазбаша түрде берген. Енді жауласушы жақтардың қай тұста келісіп, қай тұста бір-бірімен келіспейтіні алдағы уақытта айтылады. Сарапшылар бірнеше жыл соғысып жатқан елдердің бір-екі кездесуде бірден бейбіт келісімге қол қою өте қиын дейді.
Жошкун Башбуғ, Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы:
Бірден бейбітшілік орнай қалады деп ойлау қате. Оған дейін әлі біраз уақыт бар. Оның үстіне кеше Украина тарапы Ресейге ауыр бір соққы жасады. Бұл соғысты жалғастырғысы келетіндердің ісі. Алайда тараптар мұндай провокацияларға бой алдырмай, бейбіт келіссөздерді жалғастыра береді деп ойлаймын.
Ресей-Украина бейбіт келісөздерінің келесі кезеңі қашан және қай жерде өтетіні әзірге белгісіз. Дегенмен сарапшылар бұл келіссөздердің міндетті түрде жалғасын табатынын айтады. Себебі жауласушы екі тарап та әлемдегі өзге елдер де қазір бейбітшілікке мүдделі.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12