Түркиядағы зілзаладан 75 адам зардап шекті
Түркияның туристік аймағы Муғладағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 75-ке жетті. Бір адам қайтыс болды. 5,8 балдық зілзаланың ошағы Эгей теңізінде болғанымен, жағалаудағы бірнеше қалада сезілді. Жер сілкінісінен ғимараттар қирады ма, тағы да қайталану қаупі бар ма?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Кеше түнгі сағат 02:17-де Эгей теңізінде 5,8 балдық жер дүмпуі тіркелді. Зілзаланың әсері Измир, Айдын, Муғла қалаларында сезілген. Жер тербелісін ең қатты сезген Муғла облысына қарасты Мармарис ауданы. Бұл елді мекенде зілзала кезінде 70-тен аса адам жарақат алып, бір қыз бала қайтыс болды. Қайтыс болған 14 жастағы қыз бала зілзаладан қатты қорыққандықтан, жүрек талмасы ұстап, ауруханада көз жұмды. Ал жарақат алғандардың барлығы дерлік жоғары қабаттан секіргендер мен баспалдақтан құлағандар. Олардың барлығына тиісті ем дом жасалып, үйлеріне жіберілді. Тек жарақаты ауыр 2 адам ғана әзірге ауруханада жатыр.
Жер сілкінісінен қираған немесе бүлінген ғимараттар бар ма? Мамандар не дейді?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Жер сілкінісі сезілген аймақ басшыларының хабарлауынша, өңірде қираған немесе қандай да бір зақым келген ғимарат жоқ. Су, газ құбырлары мен электр сымдары үзілмеген. Сейсмолог мамандар тұрғындарға қауіп төнетіндей қуатты жер сілкінісі болмайды деп болжап отыр. Дегенмен жер тербелісінің қайталануынан қорыққан тұрғындар кешегі түнді далада өткізді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12