Мал шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды
Алдағы жексенбі - малшылар күні. Осыған орай Астанада 59 еңбек озаты салтанатты түрде марапатталды. Ауыл шаруашылығы министрі еңбеккерлерге алғыс білдіріп, олардың кәсіби шеберлігі мен табандылығын ерекше атап өтті. Құрметке бөленгендер арасында малшылар, зоотехниктер, шопандар мен құс өсірушілер бар. Дәлірек айтсақ, үздіктерге мемлекеттік және салалық марапаттар, соның ішінде «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері мен Құрмет грамоталары табыс етілді. Марапат алғандардың бірі – Гүлбарам Омарова.
«Жиырма екі жыл сауыншы болып жұмыс істедім. Халқыма өз еңбегімді сіңірдім. Бүгінгі ауыл шаруашылық күнінде құттықтаймын барлық әріптестерімді. Бүгінгі марапатқа рахмет», - дейді ол.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДСҰ: Эбола вирусымен күресуге қолдау қажет
05.08.2026, 13:05
Онкологиядан болатын өлім-жітім 26,6%-ға төмендеді
05.08.2026, 13:03
«Болашақ ойындарының» жетінші күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті
05.08.2026, 10:10
Астанада Жерұйық саябағы аумағында рейд жүргізілді
05.08.2026, 10:07
Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылады
05.08.2026, 10:07
Еліміздің 17 өңірі мен астанада дауылды ескерту жарияланды
05.08.2026, 10:06
Тойда теріс пікір айтқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
05.08.2026, 10:05
Алматыда жаңа стадионның құрылысы басталды
05.08.2026, 10:04