Қазақстан мен Қырғызстан парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтті
Қазақстан мен Қырғызстанның парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтті. Тараптар жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру барысын және екі елдің заңнамалық органдары арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуді талқылады. Қос ел арасындағы басты мақсаттардың бірі - 2030 жылға қарай арадағы тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына жеткізу. Сондай-ақ сауда-экономикалық және логистикалық салалардағы серіктестікті нығайту. Мәселен, шекаралық пункттердің өткізу қабілетін арттыру және транзиттік дәлізді жеңілдету және «Алматы-Ыстықкөл» автожолын салу сынды жобалар бар.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Көшбасшыларымыздың екі жақты кездесулерінің қарқындылығы парламентаралық байланыстардың жиілігіне де тікелей әсер етеді. Біздің ендігі мақсатымыз осы екпінді сақтап, қарқынды одан әрі нығайту. Бүгінгі кеңес отырысы да осыған арналып отыр. Осы ретте екі ел үкіметі бірлесіп. жұмыс істеп жатқанында атап өткен жөн. Өз кезегінде біздің парламенттер оларды заңнамалық тұрғыда қолдауды қамтамасыз етуде.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09