Экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты ішінара жабық өтеді
Бүгін Астанада экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот отырысы өтті. Жәбірленуші Карина Мамаш процестің жабық форматта өтуін сұрады. Сот ішінара жабық өтетін болды. Енді БАҚ өкілдері сот үкімі шығатын кезде ғана залға кіре алады. Ал екінші тараптың қорғаушысы бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы өтініш қалдырған. Алайда сот Сәкен Мамаш үкім шыққанға дейін қамауда қалады деген шешімге келді. Айта кетейік, айыпталушы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі болған. Оның әйелі өткен жылы видео жариялап, 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтқан. Сол жағдайдан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды. Сәкен Мамаш сәуір айынан бері қамауда.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07