Түркияда кененің өте қауіпті түрі анықталды
Түркиядағы Токат университетінің ғалымдары кененің жаңа түрін анықтады. Негізгі өмір сүретін аймағы Шығыс Азия саналатын бұл жәндіктің 30-дан аса жұқпалы ауру тарату қаупі бар. Ғалымдар бұл кене әсіресе үй жануарлары үшін қауіпті дейді. Түркияға бірнеше жыл бұрын адамдар арқылы келген болуы мүмкін.
Ғалымдар оның жылдам көбейіп бара жатқанын байқаған. Бүгінге дейін мамандар Түркияда кененің 55 түрі бар екенін анықтаған, жаңа табылған түрімен 56-ға жетті. Ал өткен айда Түркияда кене шаққан 4 адам қырым қанды безгегі ауруына шалдығып қайтыс болған еді. Сондықтан мамандар табиғат аясына шыққанда кенеден барынша сақ болуға шақырып отыр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12