Сенат отырысында бірнеше заң жобасы қаралып жатыр
Жаңа ғана Сенат отырысы басталды. Онда бірнеше заң жобасы қаралып жатыр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Сенаттағы Күн тәртібінде бірнеше заң жобасы қаралмақ. Әуелі Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жоспарланып отыр. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бірінші оқылымда талқыланады. Тап осы заң жобасы Мәжілісте қаралғанда бірқатар өзгеріс айтылған еді. Негізгі жаңалықтардың бірі — үлестік қатысу туралы шарттарды электрондық форматта жасау мүмкіндігі болады. Мұндай шарттардың есебі жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Жаңа нормаларға сәйкес, құрылыс салушылар үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз тарта алмайды. Үлескерлер қаражатын тартуға рұқсаты жоқ нысандарға жарнама жасауға тыйым салынады. Құрылыс салушы құрған уәкілетті компаниялар арқылы үлескерлерден қолма-қол ақша қабылдауға тыйым салынады. Рұқсатсыз салынып жатқан нысандардағы пәтерлерге ипотекалық несие берілмейді.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01