Алматыда құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Алматыда TikTok арқылы құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды. Қала бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті 2 тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады.
Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойындарын ұйымдастырғаны анықталған. Жәбірленушілер ойынға қатысу үшін банк қосымшалары арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына ақша аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10 миллион теңгеден асады.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00