Жетісу облысында селден қорғайтын бөгет салынып жатыр
Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Суптай ауылында селден қорғау бөгеті салынып жатыр. Жыл сайын көктем мен күзде Жоңғар Алатауынан ағатын Тышқан өзені арнасынан тасып, елді мекенге қауіп төндіретін. 7 жыл бұрын ауылға су кіріп, жұрттың үрейін ұшырған еді. Ал бөгеттің құрылысы биыл ғана басталды. Облыстық бюджеттен құрылысқа 597 миллион теңге бөлінген. Алты үй ауылдық округіне қарасты Суптай елді мекенінде мыңнан аса тұрғын бар.
Болатхан Садықұлы, ауыл тұрғыны:
Біздің алғысымыз шексіз. Шет көшеде тұрамын. Су көбіне көктемде келеді. Барлық ауыл тұрғындары қуанышты. Енді қауіпсіз өмір сүреміз деп ойлаймын.
Берік Ашқынбаев, құрылыс компаниясының өкілі:
Сәуірдің 28-і басталды. Қазіргі таңда дамбының 70 пайызы салынды. 16 адам істеп жатыр, 12 техника бар. Күзге дейін қауіптің алдын алып, ТЖД-ның тапсырмасы бойынша, овгодной канал дейді соны қазып айналып өтетін қылдық.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06