«ХХІ ғасыр әкесі: әрекетке шақыру» Декларациясы қабылданды
Астанада өткен Х Республикалық Әкелер форумында «ХХІ ғасыр әкесі: әрекетке шақыру» Декларациясы қабылданды. Құжатта әкенің бала өміріне белсенді араласуы қажет екені көрсетілген. Яғни, баланы тәрбиелеуге, білім беруге және дамытуға бірлесе көмек көрсететін, зорлық-зомбылықсыз ортаның қалыптасуына ықпал ететін, өзінің психикалық және физикалық денсаулығын күтетін, үйдегі міндеттер мен тұрмыстық жауапкершілікті бөлісетін адам. Жалпы, форумға 200-ге жуық делегат қатысып, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда айқындап берген бағыттарды талқылады.
Айбек Сыдықов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі:
Әкелер институтын қолдау мақсатында жыл сайын 7 мыңнан астам іс-шара өткізіледі. Биыл да әкелер күні қарсаңында әкелер мен балалардың бірлесе демалысты ұйымдастыруға бағытталған ауқымды шаралар, спорттық турнирлер, тақырыптық концерттер, театр қойылымдары өткізілуде.
Чинве Огбонна, ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі:
Біз Қазақстанмен 10 жылдан бері серіктестік орнатып, бірлесе жұмыс істеп келеміз. Орталық Азияда «Әке қандай болуы керек?» деген тақырыпта үлкен зерттеу жұмысын өткіздік. Нәтижесінде біраз ер азамат биылдан бастап үйдің жұмысына, бала күтіміне белсенді түрде көмектесе бастапты. Демек біздің атқарар жұмысымыз әлі көп.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00