Елорданың үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Астанада медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтау саласының 20-дан астам маманына «Алтын шипагер» жүлдесі табысталды. 7 аталым бойынша өткен шараның басты ерекшелігі кәсібін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқан медицина қызметкерлеріне айрықша құрмет көрсетілді. Оларға алғыс хаттар, дипломдар мен төсбелгілерден бөлек, салмағы жарты келіге жуық тау хрусталінен жасалған мүсінше берілді. Айта кетейік, «Алтын Шипагер» сыйлығы 2018 жылдан ұйымдастырылып келеді.
Нұрлан Қоныртаев, дәрігер, анестезиолог:
Мен бірінші терапевт болдым, содан кейін 1983 жылы анестизиологияға ауыстым. Содан бері дәрігер-анестезиолог болып жұмыс істеп келе жатырмын. Өте қуаныштымын. Осындай жасқа келіп, әлі де жұмыс істеп жүрген денсаулығыма да алғыс айтамын. Еңбегімізді елегеніне, күнделікті тұрмысымызға қуат беріп жатыр. Осындай көңілмен 90 жасқа жетемін деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17