Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватында өртті ерте анықтайтын заманауи жүйе орнатылды
Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватында өртті ерте анықтайтын заманауи жүйе орнатылды. Өрт мұнараларына қойылған 37 арнайы бейнебақылау камерасы арқылы 656 гектар жер назарда болады. Құрылғы өрт тұтанса, түтінді дер кезінде байқап, бірден орталыққа ақпарат жібереді. Заманауи жүйе еліміздің барлық аймағындағы орман алқаптарында қолданылады. Бұл мақсатқа 37 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Бүгінде бейнебақылау камералары сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Мамандардың айтуынша, жүйе толық іске қосылса, өрт қауіпсіздігін қамтуға үлкен септігін тигізбек.
Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:
Ол жүйе жасанды интеллект базасында жұмыс істейді. Камераның көздері 25-30 км-ге дейін жетеді. Бір жерде өрт болайын деп жатса, соны зерттеп, камералар ахуалды орталыққа ақпарат береді.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Биылдың өзінде 24 орман шаруашылықтарына қоямыз. Семейден бастадық бес тағы лесхоздар, мынау Ақмола облысының, одан тыс Қостанай облысында Наурызым қорығы мен Астананың маңайындағы жасанды орман жасыл белдеу 102 мың гектар жерді қамтитын жүйені бастадық. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04