Бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асады
Түркістан облысында туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға бағытталған жаңа инвестициялық жобалар іске асырылады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегациясы Қытайға барып, ондағы кәсіпорындарды аралады. Нақты айтқанда, капсулалы үйлер енді Түркістанда да салынады. Сондай-ақ, сарымсақ өндірісі қолға алынбақ. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Кездесу нәтижесінде тараптар Түркістан облысында агроиндустриялық кластер құру, фермерлермен ұзақ мерзімді келісімшарт бекіту және дайын өнімді шетелге экспорттау бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Сырым Ертаев, кәсіпкер:
Біздің елде сұранысқа ие емес ірі қара малдың ішкі құрылғылары терісі, сирағы, басы, қаны соның барлығын тереңдетіп өзіміздің өңірде өңдеп, Қытай нарығына кіру. Әрине бұл нәрсе біздің ауыл тұрғындарының тікелей пайдасы берері анық. Сұранысқа ие емес тауарлардың барлығы бұл елде сұранысқа ие.
Ван Чуанган, қытайлық инвестор:
Мен Түркістан облысындағы индустриалды, арнайы экономикалық аймақтарда зауыт салуды жоспарлап отырмын. Онда кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлар мені қызықтырып отыр. Алдағы уақытта осы өңірден тәтті сусындар шығаратын зауыт ашуға ынталымын. Түрлі ыдыстар да шығаруға болады. Болашақта бұл өңірге шетелдік инвесторладың қызығушылығы артады деген сенімдемін.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03