Маңғыстаудың Бейнеу ауданында қаптап кеткен қоңыздар зерттелді
Маңғыстауда Бейнеу ауданы аумағын жайлаған қара қоңыздарға жүргізілген зерттеу қорытындысы шықты.
Нәтижесінде жәндіктердің карантиндік емес екені анықталды. Яғни адамға зияны жоқ, дейді мамандар. Бірақ зиянкестер жаппай таралып, тұрмыста қолайсыздықтар тудырып отыр. Сондықтан аудандық фитосанитария бөлімі тарабынан Бейнеу ауылы әкімдігіне көшелерде дезинфекция жүргізуге ұсыныс берілді. Ал тұрғындар өз аулаларын таза ұстап, жәндіктердің көбеюіне жол бермеу үшін санитарлық шараларды ұйымдастыруы қажет.
Еске салайық, Бейнеу, Сарға, Ақжігіт, Боранқұл ауылдарында бір аптадан бері қара қоңыз қаптаған. Жәндіктер түнгі мезгілде шығып, тұрғындардың мазасын қашырып отыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17