Қостанайда мысық тістеп алған әйел құтырмадан көз жұмды
Қостанай облысында Қамысты ауданының тұрғыны құтырма жұқтырып, көз жұмды. Оны үйіндегі мысығы тістеп алған. Бірақ ол дер кезінде ауруханаға барып, екпе алмаған. Бірнеше айдан кейін аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған соң, медициналық көмекке жүгінген. Алайда уақыт оздырып алған әйел адамды дәрігерлер аман алып қала алмады. Эпидемиолог мамандардың айтуынша, құтырманың инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға, тіпті бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан тіпті үй жануары тістеп алған жағдайда да, дереу дәрігерге қаралып, екпе алу аса маңызды.
Гүлім Досымова, Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Құтырма өте қауіпті жұқпалы ауру. Мұндай жағдайлардың соңы 100% өліммен аяталады. Ол адамға жануар тістеп, тырнап алған жағдайда және сілекей арқылы жұғуы мүмкін. Бүгінде екпе аурудың алдын алудың жалғыз жолы.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12