Павлодар облысындағы дауылдың салдары: Бір адам қайтыс болып, 16 тұрғын жарақат алды
Павлодар облысындағы дауылдың салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 тұрғын түрлі дене жарақатын алған. Оның үшеуі бала. Желдің жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жетіп, өңірдегі 38 елдімекенде кеше жарық өшті. Бүгін аймақта ахуал қандай?
Болат Аманбаев тілші:
Кешегі дүлей дауыл айналасы бір сағатқа жетер-жетпес уақытта құйындай соғып, жолындағысын жапырып жіберді. Бастапқыда қатты желдің кесірінен Екібастұздың энергия торабында 500 кВ тоқ жеткізетін желі істен шықты. Іле Ақсу қаласы мен Баянауылда жарық өшті. Павлодарда ғимараттардың шатыры ұшып, ондаған адам жарақат алды, көліктер бүлінді. Ақсу қаласында таксиге ағаш құлап 57 жастағы әйел адам қайтыс болды. Павлодарда дауылдың салдарын жою үшін түні бойы 42 боигада, 100-ден аса маман, 50-ге жуық арнайы техника жұмыс істеді. Қазір Павлодар, Екібастұзда жағдай тұрақталды. Ақсу қаласына жарық жартылай берілді.
Баянауылда жарық жоқ, байланыс нашар.
Баянауылда әлі жарық жоқ. Мәліметке қарағанда, электр қуатын тасымалдайтын желіде бірнеше жерден ақау шыққан. Бағандар құлады. Аудан орталығында жағдай күрделі. Себебі, орталықтандырылған ауыз сумен қамтитын желі тоқтап тұр. Жарық болмағандықтан жанар-жағармай стансалары да жұмыс істемейді. Телефон байланысы нашар. Жағдайды бақылауда ұстайтын боламыз.
Болат Аманбаева
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04