Семейдің қоғамдық көлік паркі 44 жаңа автобуспен толықты
Семейдің қоғамдық көлік паркі 44 жаңа автобуспен толықты. Техникалар жергілікті Семей авоқұрастыру зауытында жасалған. Түгелдей салқындатқышпен жабдықталған. Жолаушы тасымалдайтын техникалар шаһарда 2019 жылдан бері жаңартылмаған еді. Осылайша ескілері жаңасына алмастырылуда. Жыл басында үлкен класты 20 автобус желіге қосылды.
Берік Уәліи, Абай облысының әкімі:
Біз алдағы уақытта осы автобустардың паркін жаңартамыз деп уәде бергенбіз. Міне, сөзімізде тұрып, 1 айдан кейін осы бүгін 44 жаңа автобусты қалаға жібергелі тұрмыз. Абайдың 180 жылдығына орай арнайы алынған автобустар болған соң Абайдың 180 жылдығына арналған логотиптерді жапсырдық.
Облыс әкімі жолаушы тасымалдау саласындағы жүйелі жұмыстың жалғасатынын атап өтті. Қазіргі таңда қалалықтарға 42 бағытта 331 автобус қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін қаладағы 70 қоғамдық көлік жаңарады деген жоспар бар. Ал бүгін салтанатты түрде тапсырылған заманауи техникалар келесі айдан бастап жолға шығады.
Жайық Айтқалиұлы, «СемАЗ» ЖШС бөлім басшысы:
Автобустар 18 орындық. Өте ыңғайлы автобустар, қалаға қолайлы екі есікті. Абай облысы ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша алынып жатқан техникалар.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06