Түркия экономикасына Иран-Израиль қақтығысының әсері
Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс Таяу Шығыс елдерінің барлығына дерлік кері әсер етіп тұр. Өңірде саяси-экономикалық байланыс әлсіреп, қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға көтерілді. Иранмен көршілес Түркияға да соғыстың салқыны сезіле бастады. Түркия шекарасын бекемдеп, қауіпсіздік шараларын мықтап қолға алды.
Айдос Әшімұлы тілші:
Иран - Түркияның құрлықтағы ең ұзын шекаралас көршісі. Екі ел арасында саяси-экономикалық қарым-қатынас тығыз. Сондықтан Израиль мен Иран арасындағы соғыс Түркияға тікелей әсер етуі заңдылық. 8-күнге жалғасқан қақтығыстың ең алдымен экономикаға кесірі тиді. Түркияда жанармай бағасы күрт көтерілді. Бұл Израиль-Иран қақтығысынан соң әлемдегі мұнай бағасының өсуімен де байланысты. Дәл қазір Түркиядағы бензиннің бағасы теңгеге шаққанда литріне 700 теңгеге жуықтады. Ал Түркия Иранға өткен жылы 3,2 млрд доллардың тауарын сатқан. Мамандар мына соғыстың кесірінен екі ел арасындағы сауда байланысына сызат түсе ме деп қорқады. Әлеуметтік желілерде мұндай ақпарат тараған болатын. Алайда Түркия билігі бұл қауесетті жоққа шығарды. Елдің Қорғаныс министрлігі шекарада жағдай қалыпты, екі ел арасындағы барыс-келіс бұрынғы қалпында деп мәлімдеді. Дегенмен екі ел шекарасындағы құрлықта да, теңізде де қауіпсіздік талаптары күшейтілгенін және Түркияның әуе кеңістігін 24 сағат бойы қорғау үшін қосымша күштер жұмылдырылғанын хабарлады елдің Қорғаныс министрлігі.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58