Талдықорғанда «Біз есірткіге қарсымыз» акциясы өтті
«Біз есірткіге қарсымыз». Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай Талдықорғанда арнайы акция өтті. Жастар спорттық ойындардың бірнеше түрінен сынға түсіп өзара мықтыларды анықтады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар өнерпаздар арасында байқау жариялап, жеңімпаздарды сыйлықпен марапаттады. Көпшілікті қызықтырғаны арнайы жасақ қызметкерлерінің жұмысы болды. Олар қылмыскерді ұстау мен қоян-қолтық ұрыстың түрлі әдіс-тәсілін көрсетті. Мұндай шаралар қауіпсіз және салауатты қоғам құруға көмектеседі, дейді ұйымдастырушылар.
Жандос Иманғалиев, Жетісу облыстық Прокуратурасының басқарма прокуроры:
Биыл заңсыз айналымнан 52 келі есірткі, оның ішінде 14 келі синтетикалық психотроптық есірткі тәркіленді. Сонымен қатар біз мектептер мен колледжерде алдын алу іс-шарасын өткізіп, жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға күш саламыз.
Дамир Нұрмұхамед
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12