Қостанайда энергетиктер сайысы өтті
Қауіпсіздік, дәлдік, жауапкершілік. Қостанайда осындай ұранмен электромонтерлар арасында командалық сайыс өтті.
Энергетик – қауіпті әрі маңызды мамандық. Сондықтан олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған бұл сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Облыста барлығы 15 аудандық электр желілері мекемесі бар. Бүгінгі ақтық сайысқа солардың ішінен іріктелген 4 команда қатысты. Олар құрылғыларды орнату, қауіпсіздік және теориялық білім бойынша өзара бақ сынасты. Бүгінде облыстағы электр қуатын таратушы кәсіпорында 1200-ге жуық адам еңбек етеді. Бұл салада жұмысшы мамандардың тапшылығы 15 пайызға жетіп отыр.
Дидар Аманжолов, «ЭПК Форфайт» ЖШС бас директоры:
Бұл жарыс электромонтер мамандығын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Сөйтіп осы салаға жастарды тартуға тырысамыз. Оқу орындарымен әріптестік қатынаста жұмыс істейміз. Жалпы энергетика саласы – күнделікті өмірімізге аса қажетті, маңызды әрі абыройлы кәсіп.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12