Түркияда орман өрті өршіп тұр
Түркияның бірнеше аймағында өршіп тұрған орман өрті елді мекендерге де жайыла бастады. Измир қаласы маңындағы орман өрті тұрғын үйлерге жетті. Бірнеше ғимарат пен ондаған автокөлік отқа оранған. Қалың түтіннің кесірінен Измирдегі халықаралық әуежай жұмысын уақытша тоқтатты.
Бұдан бөлек, Анталия, Мерсин және Сакария облыстарында да өрт сөндірушілер қызыл жалынмен алысып жатыр. Өрт қаупі төніп тұрған бірнеше елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Күннің ыстығы мен қатты жел де өртті жылдам сөндіруге кедергі болып тұр.
Түркияның Әділет министрі елдің әр аймағында орманға қасақана от қойды деген күдікпен 17 адамның ұсталғанын хабарлады.
Ибрахим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі:
Екі күн ішінде Түркия аумағында 150 орман өрті тіркелді. Олардың барлығы дерлік сөндірілді. Тек үш жерде ғана өрт сөндірушілеріміз жалынды ауыздықтай алмай жатыр. Метеорологтар алдағы күндері еліміздің бірнеше аймағында қатты жел болады деп болжап отыр. Сондықтан орман өрті тағы да өршіп кетуі мүмкін деген қауіп бар.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27