Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету керек. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы жауаптыларға осындай тапсырма берді. Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігін айтты. Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді. Мәселен, мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейту міндеті жүктелді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22
Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
06.04.2026, 17:20
Алматыда қалдықты құрылыс материалына айналдыратын зауыт ашылды
06.04.2026, 17:17
Жамбылдық жас мамандар жұмысқа конкурссыз қабылдана бастады
06.04.2026, 17:15
Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
06.04.2026, 17:12
Қостанай облысы тасқынға толық дайын
06.04.2026, 17:10