Түркия азаматы Қазақстанның «Алтын визасын» алды
Алғашқы түркиялық инвестор Қазақстанның «Алтын визасын» алды. Хикмет Аталай Қазақстанда бірнеше ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырған белгілі кәсіпкер. Түркия азаматына «Алтын визаны» Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл табыс етті. Бірінші мамырдан бастап қолданысқа енген, «Алтын виза» атауымен белгілі болған виза түрі Қазақстан экономикасына кемінде үш жүз мың АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция құйған адамдарға берілетін құжат. Бұл виза Қазақстанға кедергісіз кіріп-шығуға және он жылдық ықтиярхат алуға мүкіндік береді. Шетелдік инвесторлармен ұзақ жыл тиімді жұмыс істеу мақсатында «алтын визаны» Еуропа елдері, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері бұрыннан қолданады.
Хикмет Аталай, инвестор:
22 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп, сол жақта кәсібімді дөңгелетіп жүрмін. Қазақстанды екінші отаным деп білемін. Адал кәсіп істеуге ниеті бар кез келген инвестор үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Инвесторларға осындай виза алуға мүмкіндік берген Президентке алғысымды білдіремін. Өзім алғашқылардың бірі болып өтініш беріп, бүгін визамды алдым. Өте қуаныштымын.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09