Ұлттық домбыра күніне орай 300-ге жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылады
Биыл Ұлттық домбыра күніне орай 300-ге жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. Оның басым бөлігі – 200-ден астамы – ауыл-аймақтарда өтпек.
Қазір еліміздің үздік домбырашылары мен жас өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама дайындап жатыр. Олар өз өңірлеріндегі алаңдарға жиналып, бір мезетте күй орындайды.
Мереке қалаларда да кең көлемде тойланбақ. 6 шілдеде Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің мерекелік концерті өтеді. Ал Астанадағы амфитеатр алаңында үлкен концерт жоспарланған. Жамбыл облысында «Көне Тараз» археологиялық саябағы аумағында музыкалық кеш ұйымдастырылады.
Айта кетейік, шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні.
Жанель Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12