Президент Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің басшысымен кездесті
Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады. Кездесуде Қазақстанның авиация саласындағы жетістіктері айтылды. Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған мемлекет. Бұл ұшақтардың ұшу барысындағы қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге былтыр Монреаль қаласында еліміздің Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы тұрақты өкілдігі ашылды. Қазір Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстер саны артып келеді. Бүгінде еліміз 30-дан астам мемлекетпен тікелей әуе қатынасын орнатқан. Алдағы уақытта Нью-Йорк, Токио және Сингапурға да ұшақ рейстерін ашу жоспарда бар.
Елдос Есенбол
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06