Ақтауда зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан сақтану жолдары түсіндірілді
Ақтауда зейнет жасындағы тұрғындарға кибералаяқтардан сақтанудың жолдары түсіндірілуде. Танымдық шараны облыстық Цифрлық технологиялар басқармасы мен «Маңғыстау хаб» аймақтық хабының мамандары өткізіп жатыр. Мақсат – зейнет жасындағы адамдардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жеке деректерін сақтауды үйрету. Өйткені статистикалық мәліметтер бойынша, 60 жастан асқан тұрғындар кибер алаяқтыққа жиі тап болады. Семинарға 20 шақты тұрғын қатысып, интернет-алаяқтардың арбауына түспеудің жолдарын тегін үйренді.
Дағыстан Сарбөпеев, қала тұрғыны:
Түрлі-түрлі ақпарат, мысалы адам түрін өзгертеді, дауысты өзгертеді. Олар адамды алдауды 100 пайызға біліп тұрады. Соның бәрінен сақ болу керектігін ескертіп жатыр. Енді телефонды көтергенде де сақ болатын болдық.
Әйгерім Мажтай, «Mangystau Hub» аймақтық хабының басшысы:
Жалпы бұл семинардан алған білімді адамдар жеке деректерін сақтау мақсатында, жеке өмірінде қауіпсіздік мақсатында қолдана алады және бұл кибералаяқтықтың алдын алуға көмектеседі. Сұранысқа байланысты екі аптада бір рет немесе аптасына бір рет өткізу жоспарда бар.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03