Маңғыстауда мұнай қалдықтарын өңдейтін компанияның жұмысы тексерілмек
Маңғыстауда жерге төгіліп жатқан мұнай қалдықтарының бейнежазбасы тарады. Оқиға Бейнеу ауданы Боранқұл ауылына қарасты аумақта болған. Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, ол жерде «ECSAD» компаниясы мұнай қалдықтарын өңдеумен айналысады. Мекеме 2021 жылы экологиялық сараптамадан өтіп, департаменттен рұқсат алған. Технологиялық процесс бойынша қазылған жерге бірінші пленка, содан кейін өзінің топырағы төселуі керек, дейді мамандар. Желіде тараған байнежазба бойынша, экологтар аталған компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізбек.
Армат Жүсіпқалиев, облыстық Экологиялық департаментінің басшысы:
Бұл жерде топырақ ластануы мүмкін. Әрине шыны керек өндіріс болғаннан кейін мұндай жағдайлар болуы мүмкін. Оны ертең жоспардан тыс тексеру кезінде анықтайтын боламыз. Анықталған жағдайда әрине өзіміздің тарапымыздан, Қазақстан экологиялық кодексіне сәйкес, өзінің баптарымен айыппұл төлейтін болады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03