Қостанайда 1000-ға жуық бала жаңа оңалту орталығында ем алады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Президент резиденциясы енді оңалту орталығына айналады. Мұнда психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген 1000-ға жуық бала ем қабылдайды. Жаңа орталықта сондай-ақ логопед, психолог мамандар жұмыс істейді. Нысан 7 корпустан тұрады. Әр ғимараттағы түрлі сауықтыру кабинеттері озық технологиялармен жабдықталмақ. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қорынан 1 млрд 37 млн теңге қаражат бөлінді, ал ғимараттың реконструкциясына 352 млн теңге жұмсалмақ.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
Осы орталық ашылған соң қосымша тағы 900 бала оңалту жұмыстарымен қамтылатын болады. Сондықтан 1200-ге жуық бала жыл сайын емделетін болады. Ата-аналар ешнәрсеге төлемейді. Бәрі тегін болады. Нысан күзде қолданысқа беріледі.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайнар – АКБ» аккумулятор зауытына 50 жыл
21.09.2026, 17:15
Рудный қаласының батыс айналма жолы толық жөнделді
21.09.2026, 17:12
Ақмола облысында жаңа көпірдің құрылысы аяқталды
21.09.2026, 17:10
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды
21.09.2026, 17:07
Жетісу облысында машинист бүлдіршінді аман алып қалды
21.09.2026, 17:05
Құлсарыдағы көлік апатынан 3 адам зардап шекті
21.09.2026, 17:03
Маңғыстау облысында 4 адам балықтан уланып қалды
21.09.2026, 17:00
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21