Түркияда аптап ыстық басылмай тұр
Түркияда да апта басынан бері аптап ыстық басылмай тұр. Кеше Ыстанбұлда соңғы бірнеше жылдағы ең ыстық ауа температурасы тіркелді. Күндізгі уақытта кей аудандарда күн +40 градусқа дейін ысыды. Мамандар мегаполисте орташа температура +36 градус болғанын, алайда бетон ғимараттардың кесірінен тұрғындарға ыстық 45 градус сияқты сезілгенін айтады. Халықтың көбі аптапқа шыдамай жағажайлар мен саябақтарға ағылды. Жалпы биыл жазда Түркияның көп аймақтарында күн қатты ысып тұр. Соның кесірінен бірнеше аптадан бері әр өңірде орман өрттері бірінен соң бірі тұтануда. Ел билігі күзге дейін тұрғындардың орманға кіруіне, табиғат аясына демалуға шыққанда от жағуларына тыйым салды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27