Депутат әлеуметтік кәсіпкерлердің жұмысымен танысты
Алматының әлеуметтік кәсіпкерлері мемлекет тарапынан салық жеңілдіктерінің қарастырылуын сұрайды. Оған қоса жұмыс істеуге қолайлы ғимараттың жетіспеушілігі мен өз өнімдерін өткізетін орындардың болмауы да алаңдатады. Кәсіпкерлердің айтуынша, қордаланған мәселелер қалалық әкімдікпен үш жылдан бері талқыланса да оңтайлы шешім табылмай келеді. Олар өздерінің мұң-мұқтажын, ұсыныс-тілектерін Respublica партиясының қалалық филиалы мен қалалық мәслихат депутаттарының кездесуінде жеткізді. Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары әзірленіп жатқанын, қыркүйекте Парламент қабырғасында қаралатынын жеткізді.
Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әлеуметтік кәсіпкерлер жалпы кәсіпкерлерге қарағанда мүгедек адамдарды, осал топтағы жандарды жұмыспен қамту, оларды қоғамдандыру мәселесімен айналысатын ерекше адамдар деп білемін. Мемлекет тарапынан жасалып жатыр, беріліп жатыр, бірақ оның сапасын қадағалау керек.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09