Жеке дәріханаларда «Әлеуметтік әмиян» қосымшасы іске қосылады
Биыл жеке дәріханаларда «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылады. Әзірге сервис тек мемлекеттік ауруханаларда бар. Соның өзінде тұрғындар бір жылда 8 миллиондай дәрі-дәрмек рецептін онлайн алған. Бұл препараттардың қымбат сатылмауын қадағалап отыруға көмек береді. Сондай-ақ медициналық қызметтерді жеңіл алу, дәрігер жазып берген нұсқаулықтарды қағаз жүзінде тасып жүрмеу үшін енгізіліп отыр. Қосымшаны қолданамын десеңіз, «eGov Mobile»-дағы «Әлеуметтік әмиян» бөліміндегі QR-кодқа өтсеңіз жеткілікті.
Асқар Арғынбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры:
Бұл арқылы азаматтарымыз электронды рецепттерді тек өздерінің емханаларында ғана емес, үйіне жақын жеке дәріханалардан да алуына мүмкіндік туады. Бұл азаматтарымыздың уақытын үнемдейді және дәріге кеткен шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жәнел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Рудный қаласының батыс айналма жолы толық жөнделді
21.09.2026, 17:12
Ақмола облысында жаңа көпірдің құрылысы аяқталды
21.09.2026, 17:10
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды
21.09.2026, 17:07
Жетісу облысында машинист бүлдіршінді аман алып қалды
21.09.2026, 17:05
Құлсарыдағы көлік апатынан 3 адам зардап шекті
21.09.2026, 17:03
Маңғыстау облысында 4 адам балықтан уланып қалды
21.09.2026, 17:00
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15