Маңғыстауда Кендірлі зауытында теңіз суын тұщыту процесі басталды
Маңғыстаудағы Кендірлі зауытында теңіз суын тұщыту процесі басталды. Кәсіпорында технологиялық жабдықтардың барлығы іске қосылған. Оның барысында теңіз суын тұщытуға арналған өндірістік желі тексеріліп, жуылады. Бұл процесс 72 сағатқа созылмақ. Сынақ іс-шаралары сәтті аяқталған кезде зауыт жұмыс режиміне көшеді. Бүгінде кәсіпорында құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Суды тұщыту, тұзсыздандыру және минералдандыру цехтары, сорғы станциясы, басқа да қажет ғимараттардың барлығы салынған. Кендірлі зауыты тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұщытуға қауқарлы. Нәтижесінде Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес ауылдарда ауыз су тапшылығы жойылады деп жоспарланған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17