Түркістан облысында 5 мың басқа арналған заманауи мал бордақылау кешені іске қосылды
Түркістан облысының Сайрам ауданында 5 мың бас ірі қараны бордақылау алаңы іске қосылды. Жобалық құны – 8,5 млрд теңге. Комбинатта жылына 10 мың тонна ет өңделеді. Оған қажетті мал жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірден жеткізілмек. Жүзге тарта тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Замануи үлгіде салынған комбинатқа қажетті құрал-жабдықтар Беларусь, Қытай және Түркиядан алынған. Қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейтін өндіріс орны ет экспортын дамытуға бағытталған. Яғни, қанды өңдеп, кәдеге жаратады. Одан арнайы өнімдер шығарады. Сонымен бірге малдың сүйегі де өңделеді.
Әбдірасул Сайданов, серіктестік басшысы:
Мемлекеттен 2,4 млрд теңге кредит алдық. Қалғаны өзімізден. 4,5 млрд теңге ақшамыз кетті. Негізгі мақсат – ет союды, ет экспорттау мен ет өткізуді жаңа деңгейге жеткізу. Заманауи түрде халыққа сойып, оған барлық нәрсені пайдалану.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27