Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік шықты
Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік химиктері атанды. Жүзден жүйрік шыққандар Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен олимпиадада 4 медаль иеленді, оның екеуі – алтын. Халықаралық химия олимпиадасына әлемнің 93 елінен 360-тан астам оқушы бақ сынады. Еліміздің атынан қатысқан төрт оқушы да жүлдеге ие болып, қазақстандық білімнің әлемдегі биік мәртебесін тағы бір дәлелдеді.
Айта кетейік, бұл зияткерлік дода ең беделді 7 халықаралық олимпиаданың қатарына енеді. Қазақстан Президентінің тапсырмасымен осы білім бәйгесінде жеңімпаз атанғандарға ақшалай сыйақы қарастырылған.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27