Тұрғын үй жинақ жүйесіне екінші деңгейлі банктер қатыса ала ма?
«Отбасы банк» ұсынатын ипотекалық тәсілдерді екінші деңгейлі банктердің де қолдануына мүмкіндік жасалмақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамаға осындай түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Ұсынысты Мәжіліс қарауына жіберген. Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысу үшін қазір еншілес банк құрып, сол арқылы тұрғын үй салымдарын бөлек есепке алуы тиіс. Бірақ бұл қаржы ұйымдарына мүлдем тиімсіз болып отыр. Әрі көп қаражатты қажет етеді дейді агенттік өкілдері. Ұсыныс қабылданса, жаңа өзгеріс бәсекелестікті арттырады дейді қаржыгерлер.
Перизат Бауыржанқызы, қаржыгер:
Биылдың өзінде 556 мың адам «Отбасы банкте» шот ашып, ақша жинаған. Ал егер біз екінші нарыққа осы функцияны енгізетін болсақ, әрине бәсекелестік күшейеді. Екінші деңгейлі банктер пайыздық мөлшерлемені, ипотеканы рәсімдеудің барлығын жеңілдетуге тура келеді. Халықта да таңдау болады. Қазір «Отбасы банк» барсаңыз, 4-5 сағат кезек күтесіз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04