Сенаторлар Жетісу облысының аймақ тынысымен танысты
Бүгін Сенат депутаттары Сұлтан Дүйсембинов пен Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысына қарасты Қаратал ауданына барып, өңірдің инфрақұрылымымен танысты. Аймақта соңғы 3 жылда аурухана, спорт кешені, мәдениет үйі сынды әлеуметтік нысандар бой көтерді. Сондай-ақ былтыр қазан айында жалпы құны 397 млн теңгеден асатын әскерге шақырту пункті салынған. Биыл көктемгі әскерге шақырту маусымында 82 адам отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ал жаңадан бой көтерген спорт кешенінде ауыл тұрғындары үшін үстел теннисі залы ашылған. Жоғары палата өкілдері аталған нысандарға барып, олардың материалдық-техникалық базасымен танысып, жергілікті тұрғындармен және сала мамандарымен кездесті.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06