Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
Мемлекет басшысы міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға түзету енгізетін Заңға қол қойды. Енді Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай базалық пакеті енгізіледі. Бұл - сақтандыру мәртебесіне қарамастан, жиі кездесетін ауруларға тегін көмек көрсетуді көздейді. Келесі жылдан бастап жоғары жалақы алатын азаматтар үшін жарналар көлемі артады. Ал әлеуметтік осал топтардың жарналарын жергілікті бюджет төлейді. 5 жыл үздіксіз жарна төлегендер үшін сақтандыру мәртебесі уақытша төлем тоқтаса да, алты ай бойы медициналық сақтандыруды пайдалана алады.
Забира Оразалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төрағасының кеңесшісі:
Жағдайы төмен отбасылардың мүшелері жергілікті әкімшілік бюджет тарапынан сақтандырылады. Бұл - Е-Д категориясына кіретін азаматтар. Қорға олардың тізімі беріліп отырады. Қор оларға бір тиын төлемсіз сақтандырылған мәртебесін беріп отырады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайнар – АКБ» аккумулятор зауытына 50 жыл
21.09.2026, 17:15
Рудный қаласының батыс айналма жолы толық жөнделді
21.09.2026, 17:12
Ақмола облысында жаңа көпірдің құрылысы аяқталды
21.09.2026, 17:10
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды
21.09.2026, 17:07
Жетісу облысында машинист бүлдіршінді аман алып қалды
21.09.2026, 17:05
Құлсарыдағы көлік апатынан 3 адам зардап шекті
21.09.2026, 17:03
Маңғыстау облысында 4 адам балықтан уланып қалды
21.09.2026, 17:00
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21