Ақтауда құтқарушыларға арналған орталық ашылды
Ақтауда техникалық және кәсіптік білім беру колледжінде құтқарушыларға арналған арнайы орталық ашылды. Мұнда «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер кәсіби дағдысын қалыптастырып, төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдап үйренеді. Құтқару жұмыстары алаңы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ашылған. Орталықта заманауи құрал-жабдықтың бәрі бар.
Жанатбек Аманжолов, колледж түлегі:
Маған бала кезімнен адам өмірін құтқарған ұнайды. Жалпы, бұл ең алдымен ер адамдардың мамандығы. Біз өзіміздің мамандығымыз бойынша 2024 жылы Көкшетауда өткен республикалық жарыстардан жүлделі орындар алдық. Дайын маман ретінде бізді қалыптастырған өзімнің колледж мұғалімдеріне алғысым шексіз. Алдағы уақытта осы мамандығым бойынша жұмыс істеймін деп ойлаймын.
Салауат Жұмабаев, Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері:
Бұл осында оқитын студенттердің кәсіби дағдысын арттыру бойынша және ТЖД-ға жұмысқа келген кезде кәсіби маман болып шығуына үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар осында оқитын 6 студент қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша өрттен құтқару спорт командасында өнер көрсетуде.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03