Ақтаудағы бірнеше шағын ауданда жарық жоқ
Ақтауда аптап ыстықтан электр желілеріне жүктеме шамадан тыс артып, апаттық жағдайлар болып жатыр. Салдарынан соңғы күндері кейбір шағын ауданда тұрғындар жарықсыз қалған. Мәселен, кеше 15 апаттық жағдай тіркелген. Мамандар күні-түні жұмыс істеп, электр энергиясын қайта қосты. Ал бүгін тағы 3 жерде апат болған. Электр желілеріндегі ақауды жою жұмыстарына 3 жедел апаттық бригада, 4 кабель желілерін жөндеу қызметі, 4 электротехникалық зертхана мен арнайы техникалар жұмылдырылған.
Айта кетейік, Ақтау қаласындағы электр желілерінің жалпы ұзындығы 485 шақырымды құрайды. Оның 66%-ы, яғни шамамен 320 шақырымы тозған.
Этирбек Махамбетов, «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК бас инженері:
Басты себеп, кабельдер ескірген, ауыстыру керек, оның қимасын қалыңдату керек. Оны ауыстырсақ, жарықтың сөнуі тоқтайды. Ауа райы ысып кеткеннен кейін елдің бәрі кондиционер қосқан, сол себептен жүктеме артып, қазіргі уақытта соның салдарынан сөнді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16