Туберкулезді 2 сағатта анықтауға болады
Елімізде туберкулездің күрделі түрін емдеу жолдары жетілдірілді. Ұлттық фтизиопульмонология орталығының ақпарынша, бұрын дерттің мұндай ауыр түрін емдеу 2 жылға созылса, қазір 9-12 айда жазылып шығуға болады. Ал ең күрделі түрін емдеу 3 жылдан 1,5 жылға қысқарды. Жаңа дәрілердің тиімділігі 90 пайыздан асады, дейді мамандар. Соңғы 10 жылда туберкулезбен ауыратындар саны 43%-ға, дерттің таралуы 52 пайызға, ал өлім көрсеткіші 75,6 пайызға төмендеген.
Мәлік Әденов, Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:
Бүгінде елімізде бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында туберкулезді анықтаудың заманауи молекулалық-генетикалық әдістері енгізілді. Бұл тәсіл арқылы небәрі 2 сағаттың ішінде туберкулез қоздырғышын және оның дәріге сезімталдығын анықтауға болады. Соның арқасында емдеуді дер кезінде бастап, аурудың таралу қаупін едәуір азайтуға мүмкіндік туады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12